Каталониялық «Барселона» маусым аралығында бірқатар футболшымен қоштаспақ, - деп хабарлайды Sport.es.Ақпарат бойынша, клуб жетекшілігі бас бапкер Эрнесто Вальвердені қызметтен босатудың орнына команда құрамын жасартпақ.

Осылайша, жалға алу мерзімі аяқталатын Кевин-Принс Боатенг, Джейсон Мурильо және келісімшарттары 30 маусымда аяқталатын Томас Вермален мен Дуглас Перейра нақты кетеді. Бұл футболшылармен келісімшарт ұзартылмайды. Ал кіріс трансфері бойынша «Барселона» Френки де Йонгтың "Аякстан" ауысыуына келісіп қойды және осы клубтың тағы бір ойыншысы Матейс де Лигтке қатысты келіссөз жүргізіп жатыр.