Елордалық «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының ширек финалында Уфаның «Салават Юлаев» командасынан ұтылып қалды.
 
Кездесу уфалық команданың жеңісімен аяқталды. Дубровский оныншы минутта есеп ашса, артынша Зубарев пен Минов есепті - 3:0-ге жеткізді. Ары қарай, елордалық команда екі шайба соғып есепті қысқартты. Дегенмен, Хартикайнен мен Пильстрем жалпы есепті қорытындылады - 5:2. 
 
Осылайша, сериядағы есепте «Салават Юлаев» алға шықты - 2:1. Ертең Уфада қос команда арасында тағы бір матч ойналады. 
 
«Салават Юлаев» (Уфа) – «Барыс» (Астана) 5:2 (2:0, 1:2, 2:0)
 
1:0 – Дубровский – 10:39
2:0 – Зубарев (Хлыстов, Зиновьев) – 15:34
3:0 – Мирнов (Пильстрем, Кайгородов) – 24:59
3:1 – Уппер (Пушкарев, Романов) – 38:49
3:2 – Боченски (Доус, Бойд) – 39:59
4:2 – Хартикайнен (Макаров, Кулда) – 48:09
5:2 – Пильстрем (Мирнов) – 59:05
 
Қақпашылар: Василевский – Еремеев
 
Сериядағы есеп: 2-1