Тәжірибелі жаттықтырушы, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Мырзағали Айтжанов Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

- Материалдық тұрғыдан алып қарасақ «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек, әрине қажет. Головкин біраз жасқа жетті. Кәсіпқойда аз уақыты қалды. Ары кетсе 3-4 жыл жоғары деңгейде жұдырықтасады. Осы уақыт аралығында кеткен есесін қайтарып, қазақ елін қуантып кетсе екен деген арман бар. Сол себепті үшінші жекпе-жек қажет шығар, - деді Мырзағали Айтжанов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канело» екі жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесуде қос боксшы тең түссе, екіншісінде мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек биыл күзде өтуі мүмкін.

Геннадий Головкин 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) қолғап түйістіреді.