Қазақстандық «Астана» велокомандасы UCI Халықаралық велошабандоздар кеңесі жаңартқан рейтингіде 13-ші орында жайғасты. 
 
Испандық Movistar командасы тізімде көш бастады. Франциялық AG2R командасы екінші, итальяндық ұжым Lampre-Merida үздік үштікті қорытындылады. 
 
Жаңарған рейтингіде «Астана» сапында ең үздік шабандоз болып Якоб Фульсанг атанды. Оның еншісінде - 52 ұпай және 19-шы орын. Микеле Скарпони - 37-ші, Борут Бозич-63-ші және Франческо Гавацци - 68-ші.