«Барселонамен» өткен кездесуден кейін «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду ойынның бас төрешісі Альберто Ундьяно Мальенкоға наразылығын білдірді. 
 
Естеріңізге сала кетсек футболдан Испания чемпионатының 29 турында «Корольдік» клуб өз алаңында «Барселонадан» 3:4 есебімен ұтылды. Сондай-ақ Тата Мартиноның командасы екі голды пенальтиден соқса, матчтың 63-ші минутында Серхио Рамос алаңнан қуылған болатын. 
 
«Бүгін қарсыласымыз 12-і адам болып ойнады. Төреші «Барселонаның» жеңісін тіледі. Каталондықтарды чемпиондыққа жетелеуде. Қазылар бүгін жұмыстарын нашар атқарды.
 
Егерде «Барселона» ұтылса, олар чемпиондықтан үміт үзер еді. Осында ойнап жүрген бес жыл ішінде, төрешілердің «Реалға» көмектескенін көрмедім. Дегенмен, «Реал» чемпион болатына сенімдімін», - деді Роналду.
 
Келесі турда, «Барселона» «Камп Ноуда» «Сельтаны» қабылдаса, «Реал» сырт алаңда «Севильямен» кездеседі.