Бокс - қымбат спорт түрі. Мохаммед Алидің кезінен бастап аталмыш спортта қырғын сомалар айналып отырды. Соңғы жылдардағы ең бай боксшылардың тізімін алып қарасақ, рейтингтің басынан америкалық боксшы кіші Флойд Мэйуэзерді көреміз. Алайда ол спорттан кетті.

Қазіргі таңдағы ең бай боксшы - мексикалық Сауль Альварес. Өткен жылы Канело DAZN стримингтік сервисімен спорт тарихындағы рекордтық келісімге қол қойды. Келісімшарт бес жылға (11 жекпе-жек) есептелген, ал сомасы 365 млн долларды құрайды.

Осылайша, «Канело» әр жекпе-жегі үшін 33 млн доллар алады екен. Альварестің DAZN стримингтік сервисінде екі жекпе-жек өткізгенін ескерсек, 66 миллион доллар қолда. Ал бұған жарнама мен тағы да басқа табыстарды қоспай отырмыз.