Италян басылымдарының түгелі дерлік Маурицио Сарридің «Ювентустың» тізгінін ұстарына сенімді.

TuttoSport, CorSport, Gazetta dello Sport секілді ақпараты айдай анық келетін басылымдар Сарри «Ювентустағы» алғашқы шешімдерін қабылдады деп есептейді. Олардың ойынша, Маурицио команда қатарында Пауло Дибала, Даниэле Ругани және Мирелем Пьяничты сақтап қалғысы келеді. Сонымен қатар, жалда жүрген Гонсало Игуаинді негізгі шабуылшы етпек.

Еске сала кетейік, Сарри қазіргі таңда «Челсидің» бапкері. Осы маусымда бұл маман «ақсүйектерді» АПЛ-дың үшінші орнына көтерген еді.