Қарағандылық  «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының ширек финалында краснодарлық «Кубаньды» ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.  

Сериядағы төртінші кездесуде қарағандылықтар «Кубань» командасының қақпасына үш жауапсыз шайба соқты.

Есепті бірінші периодтың соңында Михал Махо ашты. Артынша, Якуб Гашпарович дубль жасап жалпы есепті қорытындылады.

 

«Кубань» (Краснодар) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 – Махо (Макаров) – 17:180:2 – Гашпарович – 44:490:3 – Гашпарович (Ломако) – 54:29

Қақпашылар: Андрюхов – Горячевских

Сериядағы есеп: 0:4