Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Әли Әлиев шымкенттік «Ордабасымен» келісімшартқа отырды.

Бұл туралы «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне клубқа жақын тұлғадан белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Әлиев былтырғы маусымды өскеменнің «Восток» сапында өткізді.