Мюнхендіктер ішкі біріншілікте үшінші орын алған «Лепцигке» жауапсыз үш доп тоғытты.

Роберт Левандовскидің дублі мен Кингсли Команның бір добы «Баварияға» неміс кубогының финалында жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

Германия кубогы. Финал

«Лепциг» - «Бавария» - 0:3

Голдар: Роберт Левандовски 29, 85, Кингсли Коман 78

Айта кету керек, Франк Рибери мен Арьен Роббен «Бавария» сапындағы соңғы ресми матчтарын өткізді.