Футзалдан Қазақстан чемпионатында алматылық «Қайрат» тараздың СКА-Юг командасымен кездесті.

Ел чемпионы «Қайрат» алаң иелерін ойсыратты. Алматылық команда соққан 19 голға, тараздықтар бір голмен жауап берді. Алешандре мен Кафе покер жасаса, Амир Балтаев хет-триктің авторы атанды. Кайо мен Мұрзабаев екі голдан соқса, Лео, Жоан, Парух пен Игита бір-бір голдан соқты. СКА-Юг сапында Мұхамедияров көзге түсті. Қорытынды есеп – 1:19.

СКА-Юг - «Қайрат» - 1:19 (1:10)

Голдар: Мұхамедияров 4 - Алешандре 1, 9, 14, 30, Балтабаев 7, 13, 16, Лео 12 пенальтиден, Жоан 16, Кафе 16, 20, 29, 37, Кайо 18, 18, Парух 22, Мұрзабаев 30, 33, Игита 19

Төрешілер: Қосмұхамбетов (Қостанай), Конивец (Сарань)

23-ші наурыз 2014 ж. Тараз. «Олимпик» спорт кешені. 300 жанкүйер