Қатарынан екі рет жеңілген «Қайрат» футбол клубының капитаны Самат Смақов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Капитан ретінде, жанкүйерлеріміздің алдында маусымды нашар бастағанымыз үшін кешірім сұраймын. Өткен екі ойынды тезірек ұмытып, алдағы матчтарға бар күшімізді салып дайындаламыз. Жанкүйерлерімізге үлкен рахмет; ұтылғанымызға қарамастан бізге қолдау көрсетуде», - деді Смақов.