Испаниялық «Барселоны» клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы алтыншы «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі осы маусымда 34 ойын өткізіп, 36 гол соққан.

ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе Мессиден 3 доп кем ұрып, екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, португалиялық Криштиану Роналдуда аталмыш жүлдесінің төртеуі бар.

«Алтын бутсы» жүлдесіне таласқа түскендер:

1. Лионель Месси («Барселона»): 36 гол (x2,0) / 72 ұпай 2. Килиан Мбаппе («ПСЖ»): 33 гол (x2,0) / 66 ұпай3. Фабио Квальярелла («Сампдория»): 26 гол (x2,0) / 52 ұпай4. Мбайе Дьян («Галатасарай»): 30 гол (x1,5) / 45 ұпай5–11. Мохамед Салах («Ливерпуль»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Роберт Левандовски («Бавария»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Николя Пепе («Лилль»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Дуван Сапата («Аталанта»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Садио Мане («Ливерпуль»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай5–11. Кшиштоф Пёнтек («Милан»): 22 гол (x2,0) / 44 ұпай