24 мамырда Юниондейлде (Нью-Йорк штаты, АҚШ) аралас жекпе-жектен PFL 13 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турнирдің кардында ресейлік Мовлид Хайбуллаев пен Деймон Джексон кездескен. Жекпе-жектің 10-секундында Хайбуллаев қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, ол промоушеннің жаңа рекордын тіркеді – бұл PFL тарихындағы ең жылдам нокаут.

Хайбуллаев шешуші соққыны тізесімен қарсыластың басына жасаған. Джексон ауыр нокатуқа түсті.

Бұл Мовлид Хайбуллаев үшін осы промоушендегі дебютті жекпе-жегі болатын.