Теннистен Франция ашық чемпионаты бірінші айналымының кестесі шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

26 мамырда «Ролан Гарростың» негізгі кезеңі басталады. Бірақ ертең қазақстандық теннисшілердің ешбірі кортқа шықпайды.

Ал қазақстандықтар жарыс жолын 27 мамырда бастайды: Рыбакина – Синякова (Чехия), Путинцева – Петерсон (Швеция), Дияс – Альби (Франция), Кукушкин – Клижан (Франция) және Бублик – Мюллекер (Германия).