Тайландтағы Азия чемпионатыда командалық есепте бірінші орын алғаннан кейін аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Халықаралық ММА әуесқойлары рейтингісінде тұңғыш рет алғашқы орынға ие болды.

IMMAF ТОП-10 рейтингісі (барлығы 58 ел бар) төмендегідей тізбектелді. Екінші орында – Бахрейн спортшылары, үшінші орында – Швеция құрамасы. Одан кейін Жаңа Зеландия, Ресей, Аустралия, Англия, Оңтүстік Африка, АҚШ және Мексика құрамалары жайғасқан.

Аталмыш рейтинг аралас жекпе-жектен әуесқойлар арасындағы тұңғыш рейтинг болып табылады. Және ұлттық құрамалардың рейтингімен қатар, жеке салмақ категориясындағы әр спортшының рейтингіне де қатысы бар. Ол ММА аралас жекпе-жектен Қазақстан біріккен Федерациясы 2019 жылдан бері мүшесі болған IMMAF ұйымының қолдауымен өткен континентальды және әлемдік додаларында алған баллдың әсерінен жасалады.