«Жетісудің» бас бапкері Омари Тетрадзе футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турындағы «Қайратпен»  өткен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.  
 
- Біріншіден, барлықтарыңызды наурыз мейрамымен құттықтаймын. Кездесу жайлы айтатын болсақ, жалпы ойын ұнады маған. «Қайратпен» ойынға дайындалған болатынбыз, мықты команда бұған қоса бірінші турдан кейін оларға жеңіс ауадай қажет болды. Дегенмен, футболшыларыма өз алғысымды білдіремін, бар күшімізді көрсеттік, сондықтан жеңіске жеттік. 
 
- Пасеченко неге ойнамады?
 
- Ол Астанадағы кездесуде жарақат алған болатын. 
 
- Төреші қосқан қосымша жеті минут туралы не айтасыз?
 
- Астанамен ойында алты минут қосты, бүгін жеті. Төрешіге наразылығым жоқ. Дегенмен, бес минут қосқаны дұрыс болушы еді.