Халықаралық хоккей федерациясының кезекті Конгресінде 2023 жылғы әлем чемпионатын Санкт-Петербург қаласында өткізуді мақұлдады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

IIHF баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 мамыр күні өткен жиналыста кезекті әлем біріншілігін қабылдауға Санкт-Петербург қаласы лайық деп білген.

Айта кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионаты Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Ал 2025 жылғы чемпионатты Швеция мен Дания қабылдайды. Қалалар кейін анықталады.