Клуб басшылығы Чемпиондар лигасының финалына команда жанкүйерлеріне Уефа аз билет бөлді деп есептейді.

Чемпиондар лигасының финалы Испания астанасындағы 64 мың көрермен сиятын «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді. Ал «Ливерпульдің» жанкүйерлеріне бөлінген билет саны - 16 613. Жақын арада клубтың атқарушы директоры Питер Мур Уефа президенті Александр Чеферинмен кездесіп, бөлінетін билеттер санын қайта қарауды ұсынып көрмек.

Айта кетейік, қарт құрлықтағы басты клубтық турнирдің шешуші кездесуі 1-ші маусым күні өтеді.