Қазақстандық кәсәпқой боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) NABF Junior чемпиондық белдігін жеңіп алғаннан кейін өзіне қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңістерге жететініне сенім білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум! Барлықтарыңызға рақмет! Барлықтарыңыздың пікірлеріңізді оқыдым! Алғыстан басқа айтарым жоқ. WBC тұжырымы бойынша Солтүстік Американың чемпионы атандым. Бұл тек бастамасы деп білейік. Үлкен жеңістер алда. Тағы да рақмет!», - деп жазды боксшы.