Ярослава Шведова мен испандық теннисші Анабель Медина Гарригес АҚШ-тың Майами қаласындағы WTA Sony Open Tennis турнирінің жұптық сайысында екінші айналымға өтті.
 
Бірінші кезеңде Шведова мен Медина Гарригес жұбы сербиялық Елена Янкович пен венгриялық Тимея Бабошты ұтты. Жалпы есеп – 6:2, 6:2.