Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) ертең Туусон қаласында (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 мамыр күні АҚШ-тың Аризона штатында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКалаға қарсы жұдырықтасады.

Боксшылар Junior NABF титулын сарапқа салады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімі өтіп, таразыда екеуі де бірінші орта салмақ ( (154 фунт) дәрежесін көрсетті.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Луис Эрнандесты (16-6-0) жеңген болатын.