Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Германиядағы WTA турнирінің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Путинцева германиялық теннисші Анна-Лена Фридзамға қарсы ойнады. 3 сағат 24 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 7:5, 6(5):7(7), 7(7):6(2) есебімен қарсыласын ұтты.

Осылайша, Путинцева турнирдің жартылай финалына жолдама алды. 1/2 финалда жерлесіміз румыниялық Сорана-Михаэля Кырстямен бәсекеге түседі.