Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуінің иегері Нариман Аббасовпен қайды жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Найман» мен Нариманның арасындағы алғашқы жекпе-жек 27 сәуір күні Ресейде өткен. Әзірбайжан спортшысы төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақта Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуін иемденді. Алайда жекпе-жектен соң Қуат Хамитов бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген болатын.

Қазір қос тарап реванш жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге екінші жекпе-жек Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында өтуі мүмкін екені белгілі. Ал қашан өтетіні белгісіз.

Айта кетейік, 31 жастағы Қуат Хамитов мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, оның 19-нда жеңіске жеткен. 7 кездесуінде қарсыласына есе жіберсе, біреуі тең аяқталған.