Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегі туралы әсерімен бөлісті.

- Өзімді жақсы сезінемін. Келесі жекпе-жегіме дайындығым керемет. Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда жұдырықтасамын. Өзге елде жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Францияда, АҚШ-та жекпе-жек өткізгенмін. Енді мен Қазақстанда шаршы алаңға шығамын.

Мақсатым - белбеулерді біріктіру. Наоя Иноуэмен қолғап түйістіруге қарсы емеспін. 6 шілді күні болатын жекпе-жегімдегі қарсыласымды білмеймін. Мексика, Филиппин, Англиядан ұсыныстар түсті, - деді Убаали IFL.TV арнасына.

Айта кетейік, 6 маусым күні елорда күніне орай өтетін бокс кешінде қазақстандық Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) пен Виктор Коточиговтің (9-0, 4 КО) жұдырықтасады.