26 жастағы бельгиялық жартылай қорғаушы Торган Азар менхенгладбахтық «Боруссиядан» дортмундтық «Боруссияға» ауысты.

Футболшымен келісімшарт бес жылға жасалды. Екі тарапта еңбек келісімінің шарттарын жария қылмады.

Айта кетейік, Азар өткен маусымда неміс Бундеслигасында 33 матч өткізіп, 10 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. Ойыншыға дортмундтық клубтан бөлек, «Арсенал» мен «Ливерпуль» қызығушылық танытқан еді.

Торган Азар – «Челсидің» жартылай қорғаушысы Эден Азардың туған інісі. Екі футболшы да Бельгия құрамасы сапында 8 маусымда Брюссельде Қазақстанға қарсы ойнайды.