Гагарин кубогы аясында уфалық «Салават Юлаевпен» қарымта матч өткізген елордалық «Барыс» жеңіске жетіп сериядағы есепті теңестірді.

Уфалықтар бірінші кезеңде айқын басымдыққа ие болып екі шайбаға алға шықты. Андрей Зубарев пен Егор Дубровский көзге түсті. Тығырыққа тірелген астаналықтар баса көктеп алға шықты. Үшінші кезеңнің соңына дейін жерлестеріміз есепті теңестіріп қана қоймай алға шығып үлгерді. «Барыс» сапындағы Боченски мен Руденконың ерекше ойынын атап өткен жоқ. Қорытынды есеп – 5:2.

 

«Барыс» (Астана) – «Салават Юлаев» (Уфа) 5:2 (1:2, 2:0, 2:0)

0:1 – Зубарев (Макаров, Хартикайнен) – 11:50, басымдықта

0:2 – Дубровский – 15:42

1:2 – Кудроч (Бойд, Боченски) – 17:29

2:2 – Руденко – 32:11, в большинстве

3:2 – Баркер (Гаврилин) – 39:04

Қақпашылар: Еремеев – Василевский (Сохатский, 59:32 – 60:00)

Сериядағы есеп: 1:1