Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры аясындағы төртінші кездесу тең аяқталды. Бұл жолы «Атырау» мен қостанайлық «Тобыл» тең түсті.  
 
Кездесу алаң иелерінің басымдылығымен өрбіді. Дегенмен, ойынның соңғы минутында Тобыл ойыншысы Виталий Волковтың айып соққысы қақпа маңдайшасына тиді. Осылайша, ойын тең есеппен аяқталды - 0:0. 
 
 
«Атырау» (Атырау) – «Тобыл» (Қостанай) 0:0 (0:0)