Испания құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Хави мансабындағы соңғы матчын өткізді.

39 жастағы ойыншы катарлық «Аль-Садд» командасының сапында Азия Чемпиондар лигасы аясында Иранның «Персеполисіне» қарсы ойнап, 2:0 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Хави «Барселонада» 1998-2015 жылдары доп тепкен.