Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Астанадан» ұтылды.
 
Ойынның бірінші таймында шымкенттіктер бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жіберіп алды. Осылайша, алғашқы тайм тең есебімен аяқталды. Үзілістен кейін, Мардан Төлебектің жойқын соққыларын Логиновский сәтті қайтарды. Дегенмен, оңтайлы шабуылдардың бірінде Қайрат Нұрдәулетов Сисероға пас шығарып берсе, соңғысы Григоренконы қапы қалдырды - 0:1. 
 
Фуболдан Қазақстан Премьер-лигасы. 2-ші тур.
 
«Ордабасы»-«Астана»-0:1
 
Гол: Сисеро, 82