Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчес GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке болжам жасады.

- Геннадий бұған дейін екі мәрте «Канелоны» жеңді. Үшінші рет ұтуға мүмкіндігі бар. Головкин онымен Вегаста жұдырықтаспауы қажет. Өйткені Лас-Вегаста «Канелоның» мүмкіндігі көбірек. Үшінші жекпе-жек Лас-Вегастан басқа жерде өтсе GGG алғашқы екі кездесудегідей жеңіске жетеді, - деді Абель Санчес K.O. Artist Sports сұқбатында.