«Кәрі сеньораны» бес жыл баптаған Массимилиано Аллегри маусым аяқталған соң кететінін ресми мәлімдеген еді.

La Gazzetta dello Sport мәліметі бойынша, «Ювентустың» жұлдызды футболшысы Криштиану Роналду клуб басшылығына бұрынғы бапкері Жозе Моуриньоны ұсынған екен.

Маусым ортасында «Манчестер Юнайтед» тізгінінен кеткеннен кейін португалдық маман әлі жұмыссыз.