Отандық теннисші Григорий Ломакин Украиндағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Іріктеудің шешуші кездесуінде Ломакин грузин елінің спортшысы Георгий Цвидадзеден басым түсті. Есеп - 6:7, 6:4, 10:5.

Енді теннисшіміз алғашқы айналымда швед Сэм Тэйлермен бақ сынасады.