Астана күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында Ұлыбританияның MTK Global ұйымының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді.

6 шілде күні астанада қазақстандық боксшылардың қатысуымен кеш өтеді. Бірнеше чемпиондық жекпе-жек болады деп күтілуде.

Әзірге Жанқош Тұраров пен Виктор Коточиговтың жекпе-жек өткізетіні белгілі.