Боливия чемпионатының матчы кезінде 32 жастағы төреші Виктор Уго Уртадоның жүрегі тоқтап қалды.

Los Tiempos басылымының мәліметінше, «Олвейс Рэди» пен «Петролеро» (5:0) командалары арасындағы матч кезінде төреші Виктор Уго Уртадоның жүрегі тоқтап қалған. Қос команданың дәрігерлері төрешіні есіне келтіргенімен, ауруханаға жеткізілген ол қайтыс болды.