«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне белгілі болғандай, талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының басшылығы бұрынғы ойыншыларға қиянат жасаған екен.

«2012 жылдың басында «Жетісу» ойыншылары Мұрат Тлешев пен Виктор Ковалев арасындағы дау-дамайдан кейін басшылыққа наразылығын білдірді. Талдықорғандық клубтың президенті ойыншыларға күн көрсетпеген көрінеді;  асханадан тамақ ішкізбеген, жуынатын бөлмеге кіруге тиым салған, артынша қосалқы құрамға ауыстырып жіберді. Бұл ойыншылардың өз еркімен кетіп қалуына ықпал ету үшін жасалған жексұрындық», - деді кәсіпқой одақтың басшысы Айгерім Сабралиева.

Естеріңізге сала кетсек, Мұрат Тлешев маусымаралықта «Жетісуден» «Таразға» ауысты.