Танымал боксшы Серхио Мартинес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қатысты айтқанын дұрыс аудармаған деп мәлімдеді.Мартинес Головкин маған қарсылас болуға жарамайды дегенім жоқ дейді.Біраз бұрын бірқатар шетелдік сайтта Мартинестің баспасөз өкілдерімен болған сұхбаты жарияланған еді. Оған бұл ретте аудармашы көмектесіп отырған. Алайда аудармашы Мартинестің сөзін бұрмалап қана қоймай, өз атынан да пікір қосқан боп шықты. Мартинеске: «Головкинмен неге жұдырықтаспай жүрсіз?»  деген сауал қойылған.

Шынында оған Мартинес былайша жауап берген: «Байқауымша, Головкин дәрежесін өсіруге әлі де жол салып, мен жеткен мәртебеге ұмтылып жатқан секілді. Котто немесе Мейвезердің көрсеткіштерін игергісі келетін сынды. Ол солай қарай бағыт алып барады, бірақ әзірге ол арадан төбе көрсеткен жоқ».