Назарбаев Университетінің алаңында баскетболдан Қазақстанның Ұлттық лигасы жартылай финалының екінші матчы аясында астаналық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу «Астананың» ірі жеңісімен аяқталды - 122:74 (35:23, 26:18, 28:15, 33:18).

21 мамырда елордалықтар «Атырау Барыстарымен» финалда сынға түседі.