Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Boxrec.com порталындағы үздік боксшылар рейтингінде 22-ші орынға көтерілді.

Батыр мексикалық Луис Хесус Видалесты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Бірінші орта салмақтағы отандық боксшының бұл кәсіпқой бокстағы 16-шы жеңісі.