Майами турнирінде Ярослава Шведовадан басым түскен американдық теннисші Серена Уильямс қарысыласы туралы оң пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Серена Шведованы 7:6 (9:7), 6:2 есебімен ұтқан болатын.

«Ярослава мықты қарсылық көрсетті. Геймдердегі шешуші сәттерде өз әдетіме салып ойнадым. Шведованың соққысы жойқын екен, әсіресе арқты жолақтан ұрған доптары қауіпті. Бірнеше рет қателікке бой алдырдым. Дегенмен, матчты өз пайдама шешкеніме қуаныштымын», – деді Уильямс.