Футболшалар кәсіпқой кеңесінің төрағасы Айгерім Сабралиева «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатта «Атырау» футбол клубы Ханнес Сигурдссонға қанша ақша қарыз екенін айтты.

«Атырау» командасы Ханнес Сигурдссонға 2012-ші жылдан бері қарыз. Клуб қарызының көп бөлігін өтеді.  Бірақ әлі де 4 500 000 теңге өтеу керек. «Атырау» басшылығы мұны мойындамай отыр. Сондықтан біз азаматтық сотқа шағымданамыз», - деді Сабралиева.