Қорғаушы Андрей Корабейников мансабын көкшетаулық «Арланда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Өткен маусымда 32 жастағы хоккейші пензалық «Дизельде» ойнаған. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 47 матчында 6 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Корабейников Қазақстан құрамасы сапында үш әлем чемпионатына қатысқан.