«Balapan» арнасының көрермендерінің көзайымына айналған 13 жасар жас велосипедші Құтжан Бағлан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Велоспорттан спорт шеберіне үміткер жас жеткіншек кезекті жаттығуы барысында спорттық велосипедпен жол жиегінде келе жатқанда, жүк көлігімен соқтығысқан. Ауыр жарақат алған ол көп ұзамай қайтыс болды.