Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Эдди Хирн күз айында Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«8 маусымда Геннадий Головкин жеңсе, Сауль Альварестің кезекті қарсыласы атанады. Тағы екі жігіт бар: Деметриус Андраде және Каллум Смит. Каллум Смит 168 фунтқа дейінгі салмақта әлем чемпионы және Ring басылымының нұсқасы бойынша чемпионы. Канело да - өз салмағында бірінші».

«Ал Деметриус Андраде «Канелоға» орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді. Екі жекпе-жек те өте маңызды және олар 2020 жылы өтеді деп ойлаймын». - деді Эдди.