Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Жолшиев пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы дауға не себеп болғаны анықталды. 
 
«Мәселен, Бауыржан «Тобылмен» екі рет келісімшарт жасасты. Біріншісінде – негізгі келісімшартта, оның жалақысы 100 000 теңге деп көрсетілсе, екіншісінде – оның жалақысы екі есе көп болып шықты. «Тобыл» ФК осындай ала аяқтықпен ойыншының жал ақысын жеген. Ең қызығы осы келісімшартты Федерация қабылдаған. Қостанайлықтар Федерациясының шешіміне сүйеніп, келісімшарттың бұзылуы заңды деген позициясын ұстап отыр. Ал біздің мақсатымыз ақиқатты дәлелдеп, құқық қорғау мекемелері арқылы Бауыржанды ақтау. 
 
Тағы бір мәселе, жұмыс беруші футболшыға айыппұл салса жалақысының 25 пайызын ғана қысқартуға құқылы. Ал, Жолшиевке 90 пайыздық айыппұлдар салынған. Бұл дұрыс емес. Сондықтан, барлық ойыншыларға айтарым, «Тобылмен» келісімшартқа отырғанда, қағаздарды мұқият тексеріп шыққан абзал», - деді «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Кәсіпқой кеңестің басқарушысы Айгерім Сабралиева.