Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Samarkand Challenger халықаралық турнирінің ширек финалына шыға алмады.

1/8 финалда қазақстандық теннисші екі партияда үндіс спортшысы Сумиту Нагалуға (6:7 (7), 3:6) есе жіберді.

Айта кетейік, Дмитрий Попко Samarkand Challenger халықаралық турнирінде 1/8 финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық теннисші болатын.