Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ring TV-ге берген сұхбатында жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен алғашқы жұмыс аптасынан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ Big Bear City-да қалып, жаттығу орнын ауыстырмау себебін түсіндіріп, «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек туралы ой бөлісті.