Португалдық маман Андре Виллаш-Боаш ресми түрде «Зениттің» бас бапкері атанды. Естеріңізге сала кетсек, «Зеннитің» бұрынғы бас бапкері итальяндық Лучано Спалетти жуырда қызметінен босатылған болатын. 

«Петерборда жанкүйерлер мені жылы қарсы алды. Кешегі «Зениттің» ойыны қатты ұнады маған. Чемпионаттағы қалған тоғыз кездесуді ұтсақ, Зенит ел чемпионы атанады», - деді Виллаш-Боаш «Зениттің» «Твиттердегі» ресми парақшасында.