Сочи Олимпиадасының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдегері Денис Тен кореялық спортшы Ким Ю Наның қош айтысу кешіне қатысады. 

Шетелдік басылымдарының ақпаратына сүйенсек, әйелдер арасындағы қысқа және еркін бағдарламада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы кореялық спортшы Ким Ю На үлкен спорттан кететінін мәлімдеді.  

Айта кетер жайт, Тен Сочи Олимпиадасының гала-концертінде Киммен бірге билеген болатын.