Ресей кубогы жартылай финалының қарымта матчында «Ростов» пен «Локомотив» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойын Ростов-на-Донуда өткен. Мәскеулік команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Локомотив» сапынан Ренат Жемалетдинов пен Федор Смолов гол соқты.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов «Ростов» сапында негізгі құрамда шығып, ойын басында сары қағаз еншіледі. Кейін 71-минутта орнын әріптесіне босатты.

Айта кетейік, екі матчтың қорытындысы бойынша «Локомотив» 4:2 есебімен жеңіп, Ресей кубогының финалына жолдама алды.